Шымкентте массажисті қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды

408

Келітірлген шығын көлемі 21 мың теңге.

Шымкентте массажисті қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Тұран аудандық полиция басқармасының “102” арнасына тонаушының құрбаны болған әйел хабарласты. Шақырту алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. 

Полицейлер жәбірленушімен сөйлесу барысында хабарландыру сайты арқылы ер адамның хабарласып, массажист қызметіне тапсырыс бергенін анықтады. Ол массаж бөлмесіне келіп, бірден әйелге шабуыл жасап, қорқытып, өзінің шотына 21 мың теңге көлемінде ақша аудартып, “ізін суытқан”. 

Аталған жайтты тергеушілер ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша тіркеуге алды. Күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау үшін тәртіп сақшылары бірқатар іс-шараларды жүргізді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер оны тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу