Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

323

Жаңа өрт сөндіру бөлімінде 108 өрт сөндіруші қызмет атқарады.

Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды Фото: ТЖД

Бүгін Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан салынған өрт сөндіру депосы мен әкімшілік ғимараттың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Салтанатты іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында қызмет ету кезінде ерлік көрсетіп, ерекше көзге түскен Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері марапатталды. Азаматтық қорғау органдарының еңбегі сіңген ардагері Уалихан Мелдебекұлы Ережеповке қаланы дамытуда үлес қосқаны және белсенді азаматтық қызметі үшін "Қаланың құрметті азаматы" атағы табыс етілді.

ТЖ министрі жаңа ғимаратпен танысып, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Жергілікті атқарушы органның және республикалық бюджет есебінен салынған нысан әкімшілік ғимараттан және 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депо ғимаратынан тұрады.

Жаңа өрт сөндіру бөлімінде 108 өрт сөндіруші қызмет атқарады. Аталған өрт сөндіру бөлімі заманауи өрт сөндіру техникаларымен қамтамасыз етілген және 18  шағын аудан мен тұрғын алап  тұрғындарын өрт қауіпсіздігімен  қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу