Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов өз қызметінде қалды

631

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. 

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов өз қызметінде қалды Фото: nur.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

Білімі:

2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын "Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы" мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің "заңтану" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы:

2004-2006 жж.  – еңбек жолын Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 жж. - ҚР ПІБ "Астана-Өнім" АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 жж. - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

2019 жылдың 27 желтоқсанынан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2020 жылдың  21 қаңтарынан – Шымкент қаласының әкімі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу