"Silk Way" телеарнасы әзербайжандық көрерменге жол тартады

390

ҚР Президенті Телерадиокешенінің "Silk Way" халықаралық телеарнасы Әзербайжан кабельдік телевизиясының 14 операторының арналар пакетіне енді.

"Silk Way" телеарнасы әзербайжандық көрерменге жол тартады Фото: inbusiness.kz

Бұған дейін телеарна сынақ режимінде хабар таратты, операторлар техникалық параметрлерін тексеріп, Silk Way-ді өз желілеріне қосуға дайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Телеарна директоры Еркежан Күнтуғанның айтуынша, Әзербайжан Аудиовизуал кеңесінің қолдауымен 15 мамырдан бастап "Silk Way" телеарнасы "K@TV1", "BAKTELECOM", "AZTELEKOM", "BİRLİK", "AZOL TV", "AZEUROTEL", "AZERİ TV", "BOSS GROUP", "GSP", "EUROSEL", "RAHAT TELECOM", "BEEONLİNE", "MEGALINK TV", "ODTV" абоненттері үшін қолжетімді болады.

Өзге елдердегідей әзербайжандық телекөрермен көп арналы форматта ұсынылатын орыс, ағылшын, қазақ, қырғыз және өзбек тілдерінің бірін таңдай алады. 

"Silk Way" сигналы да Eutelsat Hot Bird 13 және Yamal 401 спутниктік платформаларынан жеке қабылдау үшін қолжетімді.

Екі ел медиасының белсенді ықпалдастығына биыл сәуірде Әзербайжан Президентінің Қазақстанға ресми сапары жаңа серпін берді. Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Алиев екі ел халқының байланысын нығайтудағы қазақстандық және әзербайжандық БАҚ-тың маңызын атап өтіп, ақпарат құралдары мен медиа-өндіріс саласындағы серіктестікті дамытуды тапсырды.

Қазақстан мен Әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдарының тәжірибе, контент алмасу және оны бірігіп дайындау кезіндегі өзара ықпалдастығы екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.

"Silk Way" телеарнасы әзербайжандық көрерменге отандық авторлық бағдарламалар, деректі жобалар, сондай-ақ ең үздік көркем контентті ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу