Сирияда тырысқақ індетіне қарсы вакциналау басталды

404

Сирияда тырысқаққа қарсы екпе егу науқаны басталды.  

Сирияда тырысқақ індетіне қарсы вакциналау басталды Фото: global.unitednations.entermediadb.net

Өйткені бұл инфекция тым тез тарап барады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 2022 жылдың қыркүйегінен бері 56 мыңға жуық дерек тіркеліп, 26 адам қайтыс болған. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ жыл басында Сирияның солтүстік-батысына 1,5 миллион вакцина жіберген болатын. Бұл аурудың асқынуының бірден бір себебі: адамдардың көбі тазартылмаған су ішеді.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Сириядағы су тазарту қондырғыларының үштен екісі істен шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу