Скляр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

329

Ол Павлодар және Екібастұз қалаларында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты. 

Скляр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды Фото: primeminister.kz

Станциядағы 10 қазандықтың барлығын жөндеу көзделген, оның ішінде 8 қазандықта күрделі жөндеу жүргізіледі.

Бюджет қаражаты есебінен 5 су жылыту қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"ОАЭК" АҚ қаражаты есебінен 5 энергетикалық қазандықты, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу жүзеге асырылады.

"Жылу беру маусымының басына дейін барлық жұмыс аяқталуға тиіс. Тиісті қаражат бөлінді, жұмыстар жүргізілуде", — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар қаласындағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысын тексерді.

Мұнда негізгі жабдықтың 40 бірлігін жөндеу және 49,1 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жүргізілуде.

Облыс орталығындағы жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында 2023 жылы алғаш рет квартал ішілік желілерді реконструкциялау жүргізілуде.

Барлығы 11,7 км жаңа желілер салынатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу