СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

1076

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сәтжан Аблалиев СҚО әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы туған. Алматы автомобиль-жол институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және Қазақ қатынас жолдары университетін "инженер-экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. "Құрмет" орденінің, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері.

1987 жылы еңбек жолын Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясының инженер-техникалық қызметінің оператор-коллектор қызметінен бастаған.

Осы тағайындауға дейін Сәтжан Әйтенұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.⠀

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу