Солтүстік Қазақстан облысында бір жылда азық-түлік шамамен 10 пайызға қымбаттады

240

Желтоқсанда инфляция деңгейі жылдық есептеумен алғанда 10,5 пайызды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Солтүстік Қазақстан облысында бір жылда азық-түлік шамамен 10 пайызға қымбаттады Фото: canva.com

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, бағалар өткен жылғы желтоқсанда, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына – 9,8 пайызға, азық-түлік емес тауарларға – 9 пайызға, ақылы қызметтерге – 13,8 пайызға өсті.

Бір жыл ішінде жұмыртқа – 14,8 пайыз, жаңа ауланған балық – 14,1 пайызға, жемістерге – 10 пайызға, кондитер өнімдеріне – 9,3 пайызға, етке – 8 пайызға қымбаттаған.

Ал жармалар 6,9 пайызға арзандаса, күріш 37,3 пайызға қымбаттады.

Алкогольді ішімдіктерге де баға өскен, енді ол 18,7 пайызға қымбатқа сатылады, алкогольсіз сусындар 16,4 пайызға қымбат. Көкөністерге баға 2,1 пайызға өсті, соның ішінде сәбізге – 21,7 пайызға, қызылшаға – 19,1 пайызға, қырыққабатқа – 16,9 пайызға өссе, пиязға – 12 пайызға, картопқа – 1,5 пайызға төмендеді. Қант 14 пайызға арзандады.

Бұйымдар, приборлар және жеке тұтынуға арналған тауарлар – 21,2 пайызға, жиһаз және үй тұрмысына қажетті заттар – 20,3 пайызға, киім және аяқ киім – 11,6, фармацевтикалық өнімдер – 9,4 пайызға қымбаттады.

Коммуналдық төлемақы 15,8 пайызға өсті, амбулаторлық қызметтер – 14,7 пайызға, шаштараз және жеке қызмет көрсететін мекемелер қызметтері – 14,9 пайызға, сақтандыру қызметтері – 3,1 пайызға қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу