Студенттерге жаз айларында шәкіртақы төленбей ме? - министрлік жауабы

489

WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз мезгілінде шәкіртақы төлеу тоқтайды деген ақпарат тарады. 

Студенттерге жаз айларында шәкіртақы төленбей ме? - министрлік жауабы Фото: Диапазон

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

“ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу