Су-27 ұшақтары күрделі жөндеуден өтті

791

Жөндеу жұмыстарын "Қазақстан авиациялық индустриясының" инженерлік-техникалық құрамы Беларусь авиажөндеу зауытының мамандарымен бірлесіп жүргізді.

Су-27 ұшақтары күрделі жөндеуден өтті

"Қазақстан авиациялық индустриясының" мамандары Қазақстанның Әскери-Әуе Күштеріне күрделі жөндеу мен жаңартудан өткен Су-27УМБ-2 ұшағын берді.

Жойғыштарды қабылдап, Нұр-Сұлтан қаласындағы аэродромда ұшу сынақтары өткізілді.

"Ұшақтың жердегі және әуе мақсаттарында жоғары дәлдіктегі қаруды қолдану мүмкіндігі зор. Қосымша навигация орнатылған, жоғары дәлдікті қарудың ілу нүктелері ұлғайып, әуе кемесінің жауынгерлік мүмкіндіктері арта түсті", – деді авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары майор Руслан Мақадиев.

Жөндеу жұмыстарын "Қазақстан авиациялық индустриясының" инженерлік-техникалық құрамы Беларусь авиажөндеу зауытының мамандарымен бірлесіп жүргізді.

"Қазақстандық авиация индустриясы" – бұл қорғаныс өнеркәсібінің авиациялық кластерін және Қазақстанның өндіріс, техникалық қызмет көрсету және әскери әуе кемелерін жөндеу нарығында бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша құрылған қазіргі заманғы авиациялық кәсіпорын.

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан аумағында алғаш рет отандық кәсіпорынмен Ан-72 әскери-көлік авиациясының ұшақтарында регламенттік жұмыстар орындалды, ал қазіргі уақытта Су-25 ұшағыныңтөртеуінекүрделі жөндеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу