Су тасқыны: Ақтөбенің тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

688

Облыста екі ауданда жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. 

Су тасқыны: Ақтөбенің тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: Gov.kz

Ақтөбенің атқарушы билігі су тасқынының салдары туралы баяндады. Қазір Қобда ауылында 13 үй әлі су астында. Екі ауыл электр жарығынсыз отыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мәлімдеді.

"Қобда ауданына 87 үй су астында қалды. Қазір елді мекенде 24 үйдің құрылысы басталды. Ойыл ауданы бойынша судың мөлшерден тыс көп келуіне байланысты Қаратал ауылында 11 үйді су басты. Бұл сан азаймаса, көбеймейді. Өзім ауылда болып, зардап шеккен үйлерді қарап шықтым: біреуінің дәлізіне, біреуінің үйіне кірген. Қазір мамандар жұмыс істеп жатыр. Барлығын актілеп, қорытынды негізінде жұмыстар әрі қарай жалғасады,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, төтенше жағдай жарияланған Қобда ауылының екі елді  мекені жарықсыз отыр. Электр бағандарына зақым келген. Оны қалыпқа келтіргенше ауылдықтарға уақытша генераторлар жеткізіліпті. Эвакуациялық пункттерге су тасқынынан кейін 460 адам жеткізілген. Қобда ауданында 12 отбасы әлі  спорт мектебінде тұрып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу