Су тасқыны: Алматы-Атырау бағыты бойынша қосымша пойыз қатынайтын болды

121

Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды.

Су тасқыны: Алматы-Атырау бағыты бойынша қосымша пойыз қатынайтын болды Фото: rail-news.kz

Ұлттық тасымалдаушы Алматы-Атырау бағыты бойынша қосымша пойыз тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы "Алматы-Атырау" және кері бағытта 1 рейске қосымша пойыз тағайындады. №215/216 "Алматы-Атырау" пойызы келесі кестеге сәйкес қатынайды:

-Алматыдан 19 сәуірде сағат 13:40-та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32-де келеді;

-Атыраудан 21 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50-де келеді.

№215/216 "Алматы-Атырау" пойызына билеттер купе вагондарында да, плацкарт вагондарында да қолжетімді.

Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады. 

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу