Су тасқыны: Қостанай облысындағы ахуал белгілі болды

159

Қаратомар, Желқуар, Амангелді су қоймалары толды.  

Су тасқыны: Қостанай облысындағы ахуал белгілі болды Фото: Үкімет

Қостанай облысында су тасқыны бойынша ахуал тұрақты қауіпті деп бағаланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы Қостанай облысы бойынша жағдай тұрақты қауіпті деп айтуға болады. Алдын ала 6 елді мекенде төтенше жағдай жарияланды. Арқалық, Амангелді жақта жергілікті атқарушы органдар залалды есептеу бойынша комиссия жұмысты атқарып жатыр. Бүгінде Қостанай қаласы бойынша Тобыл өзенінің көтерілу себебінен құтқару жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда. 7 саяжай қоғамы адамдарын құтқару жүргізілді. Бір тәуліктің ішінде 2285 адам, оның ішінде 84 бала құтқарылды. Құтқарылғандардың жалпы саны 8800-ден асады, оның ішінде 1700-ден астам бала. Уақытша орналастыру пунктерінде 464 адам, оның ішінде бала саны – 123. Тобыл өзені әлі күнге дейін бақылауда. Себебі Қаратомар, Желқуар, Амангелді су қоймалары жақтан су әлі күнге дейін келіп жатыр. Ол қоймалар 90 пайызға толды", - деді Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов.

Оның сөзінше,  жеке құрам бойынша адам саны жеткілікті. 

"Қостанай қаласы бойынша айтатын болсақ, 2 көпір арқылы жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ, әскери күштер жұмыс істеп жатыр. Бүгінде көпірдің үсті мен маңайын қапшық төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қостанай қаласы мен облыс бойынша жағдай тұрақты әрі қауіпті", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу