Су тасқыны салдарынан Ақтөбе әуежайы жұмысын тоқтатты

307

Оннан астам рейс кейінге шегерілді. 

Су тасқыны салдарынан Ақтөбе әуежайы жұмысын тоқтатты Фото: diapazon.kz

Ақтөбе әуежайы рейстерді қабылдау мен жөнелтуді уақытша тоқтатты. Оған ұшу-қону жолағын су басып қалуы себеп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде су тасқыны салдарынан Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай жабылды. Әуежайдың басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшу-қону жолағын еріген су басқан. Қалыптасқан жағдайға байланысты әуе кемелерін қабылдауды және шығаруды уақытша тоқтату қажет болды. Бұл оннан астам рейстің кейінге шегерілуіне себеп болды.

"Ақтөбе әуежайының аумағын еріген судың басып кетуіне байланысты сағат 6:30-дан 17:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылды. Әуежай жабылған кезде 14 рейс кейінге шегерілді", - деді Әуежай төрағасы Дастан Малиев.

Әуежай әкімшілігі ағымдағы ұшу кестесін ақпараттық қызмет немесе авиакомпания қызметтерімен тексеруді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу