Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы тұрақты бақылауда

746

​Сырдария өзенінде мұздың жиналуына және шуганың өтуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында күн сайын тиісті органдармен мониторинг және ақпарат алмасу жұмыстары жүргізілуде. 

Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы тұрақты бақылауда Фото: ortcom.kz

ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллиннің айтуынша, бүгінгі күні Шардара су қоймасының көлемі 4676 млн м3, Көксарай су реттегішінің көлемі – 1438 млн м3 құрайды. Шардара су қоймасына ағын 1101 м3/сек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына ағызу 900 м3/сек, Көксарай су реттегішінен су ағызу 350 м3/сек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына ағызу 550 м3/сек құрайды, деп жазады inbusiness.kz Орталық коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйеніп.

"3 ақпаннан бастап Арнасай төмендеуіне су бұру аяқталды, бұрылған су көлемі 500 млн м3 шамасында. 2 ақпаннан бастап Қызылқұм каналы бойынша 50 м3/сек шығынмен және 6 ақпаннан бастап бұл көрсеткіш 80 м3/сек шығынмен және Достық каналы бойынша 50 м3/сек шығынмен су жіберу басталды. Қолда бар мәліметтер бойынша Өзбекстан аумағында көлемі 120-150 м3/сек су алынуда. Тоқтоғұл су қоймасынан су ағызу көлемі 615 м3/сек, Бари Точик су қоймасынан су ағызудың көлемі 1060 м3/сек құрайды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасының бос сыйымдылығы 524 млн м3, Көксарай су реттегіші - 362 млн м3 құрайды. Жалпы бос сыйымдылығы - 886 млн м3. Қазіргі уақытта қауіпсіздікті және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда су торабы, Әйтек су торабы, Қазалы су торабы және Ақлақ су торабы пайдалану қағидаларына сәйкес транзиттік режимге ауыстырылды", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.

Бұл ретте ол су шаруашылық жағдай өзгерген жағдайда Шардара су қоймасының жұмыс режимі қайта қаралатынын атап өтті. Бұл мәселе Экология министрлігінің айрықша назарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу