Тайваньда жер сілкінісі болды

618

Тайваньда 7 баллдық күшті жер сілкінісі салдарынан инфрақұрылымға зақым келген.

Тайваньда жер сілкінісі болды

18 қыркүйекте Тайваньда магнитудасы 6,8 болатын күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды жергілікті орталық ауа райы бюросы. Нәтижесінде, біршама инфрақұрылымның жойылуы тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің магнитудасы 6,9 деп бағалады.

Жер сілкінісінің ошағы Тайтунг округінен солтүстікке қарай 42,7 шақырым жерде орналасқан. Оның тереңдігі 7 шақырым болды. Соққы толқыны бүкіл аралда сезілді, деп жазады Taiwan News.

Хуалянь округінде де магнитудасы алты баллдан, Нанту округінде бес баллдан астам жер сілкінісі орын алды. Тайваньның орталық және оңтүстігінде төрт балдық жер сілкінісі, Тайваньның солтүстігінде үш баллдық жер сілкінісі болды.

Сонымен бірге қыркүйектің 17-сі күні кешке қарай Тайтунь мен Хуалиэньде үздіксіз шағын жер сілкінісі ағыны тіркелген.

Taiwan News хабарлауынша, Тайвань жер сілкінісін тіркеуде бірден жетіге дейін бағалау шкаласын пайдаланады.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жалпы саны туралы нақты ақпарат әлі түскен жоқ.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу