Тамара Дүйсенова: Зейнетақы мөлшері зейнетақы аударымдарына байланысты болады

390

1975 жылдан кейін туған ел азаматтарының зейнетақы мөлшері, өздерінің зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады, деп хабарлайды Atameken business телеарнасы.  

Тамара Дүйсенова: Зейнетақы мөлшері зейнетақы аударымдарына байланысты болады Фото: maqat-tynysy.kz

Бұл азаматтар 2038 жылдан кейін зейнетке шығады. Олар зейнетке шыққанда қолға тиетін қаржысы тек мемлекеттік бюджетке тәуелді болмай, 3 көзден жинақталады. Бірінші, мемлекеттен базалық зейнетақы төленеді. Оған ай сайын айлығынан 10 пайыздан жырып жинаған қордағы ақшасы қосылады. Соңғысы жұмыс берушілердің  есебінен, қосымша аударылатын зейнетақы жарналары болмақ. Аталған жарна түрін 2024 жылы жылы 1,5%-дан бастап енгізіп, 2028 жылға қарай қызметкер айлығының 5%-на дейін жеткізу көзделуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу