Белгілі журналист Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды

854

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Белгілі журналист Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды Фото: Үкімет

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Бекзат Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бекзат Жүсіп 1989 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2006 жылы "Қазақстан" РТРК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған.

2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.
2019-2021 жылдары – "Қазақстан" РТРК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.
2022–2023 – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары.
2023–2024 – "Qazcontent" АҚ басқарма төрағасы лауазымдарында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу