Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

743

Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында жатыр. 

Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті Фото: informburo.kz

Белгілі журналист Диас Ахметшәріптің миына қан құйылып, комаға түскені хабарланды.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық Көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі растады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін Диас Ахметшәріп әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтауға іссапармен барғанын хабарлап, бейнежазба жариялаған болатын.

Диас Ахметшәріп – қазақстандық журналистика мен спорт саласында кеңінен танымал тұлға. Ол еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосында репортер болып бастаған. Кейін "Хабар" агенттігі мен "Қазақстан" телеарнасында спорт журналисті болып, ұзақ жылдар жұмыс істеді.

"Қазспорт" телеарнасының алғашқы директоры және "Insport" телеарнасының бас редакторы қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар:

2003-2007 жылдары ҚР Спорт және туризм істері агенттігінде баспасөз хатшысы болды;

2010-2012 жылдары "Астана-СК" спортты қолдау қорының қоғаммен байланыс департаментін басқарды;

2012-2013 жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2023 жылдың күзінде Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігі жанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі кеңес құрамында жұмыс істеп жүр.

Диас Ахметшәріп – Олимпиада, Азия ойындары және әлем чемпионаттары сынды ірі спорттық шаралардың тілшісі және Қазақстан құрамасының баспасөз атташесі болған тәжірибелі маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу