Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болғандарға қатысты жаға ұстатарлық ақпарат шықты

541

Бұл туралы балалар омбудсмені жазды.

Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болғандарға қатысты жаға ұстатарлық ақпарат шықты Фото: видеодан алынған кадр

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Таразда автобус аялдамасында тұрған мектеп оқушысын ұрламақ болған екі ер адам ұсталғанын жазғанбыз. Жаға ұстатарлық оқиға күндіз болған. 

Балалар омбудсменінің ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 13 жастағы қызды ұрламақ болғандар ағайынды нашақорлар екені белгілі болды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін Түркістанда ер адам әйелінің қол-аяғын байлап, жындыханаға мәжбүрлеп қамағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу