Тасқын қаупі сейілді ме? – ТЖМ жауабы

150

Қазір Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатыр. 

Тасқын қаупі сейілді ме? – ТЖМ жауабы Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқыны бойынша елдегі ахуалды баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр. Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, бір мың аула аумағы мен 91 ғимарат су астында қалып отыр", - деді Бауыржан Сыздықов.

Спикер 10 облыста жергілікті ауқымдағы 41 төтенше жағдай жарияланғанын еске салды. Қазір Абай және Павлодар облыстарының 3 ауданында ТЖ алынды.

"Зардап шеккен елді мекендерге су жеткізу, энергиямен жабдықтау және көлік қатынасын қалпына келтіру мәселелері министрліктің үйлестіруімен жедел шешілуде. Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді. Құтқару және шұғыл жұмыстарды атқару кезінде тиімді әдістер мен тәсілдер енгізілді. Мысалы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату және тез арада су бұру арналарын салу әдісі қолданылды. Бұл шаралар көлік байланысын қамтамасыз ету мен су басу қаупін азайту мүмкіндігін берді", - ТЖМ өкілі Үкімет отырысында.

Бұдан басқа оның айтуынша, құтқарушылар босанған әйелдерді құтқарған жағдайлар да болды, олардың барлығы ауруханаларға аман-есен жеткізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу