Тауар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды

455

Тауардың дұрыс кодын таңдау – кедендік рәсімдеудің жылдам өтуінің кепілі.

Тауар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды Фото: dknews.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кедендік рәсімдеуді жүргізу кезінде маңызды процестердің бірі кедендік төлемдерді есептеу, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау, лицензиялар алу үшін пайдаланылатын тауарлардың кодын нақтылау болып табылады. Тауардың дұрыс кодын таңдау – кедендік рәсімдеудің жылдам өтуінің кепілі. Тауар кодын дұрыс анықтамау кедендік төлемдер мен салықтарды дұрыс есептемеуге әкелуі мүмкін, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушының беделіне теріс әсер етеді және әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін", - деп жазды ведомстводан.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы етуге шаралар қабылдауда.

Осы мақсатта бүгінгі күні keden.kz сілтемесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сыртқы экономикалық қызмет тауарлар номенклатурасының кодын іздеудің онлайн-сервисі ұсынылды. Бұл сервис өзекті болып табылады және оны одан әрі жаңарту Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу