Тәжікстан Орталық Азияны орнықты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы болды

189

Осыған дейін аталмыш комиссияға Қазақстан 2 жыл төрағалық етті. 

Тәжікстан Орталық Азияны орнықты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы болды Фото: tpp.tj/o-tadzhikistane

Орталық Азия елдерін орнықты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссияға төрағалық ету өкілеттігі Тәжікстанға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алдағы екі жылда Тәжікстан Қазақстаннан ұйымға төрағалық ету өкілеттігін алады. Бұл мемлекетаралық комиссия аймақты орнықты дамыту мәселесімен айналысады. Бізде көптеген мәселе бар. Соның бірі – су мәселесі. Климаттың қоршаған ортаға әсері салдарынан бұл мәселені барлығымызға бірігіп шешуге тура келеді. Аймақ елдерінің өзара ынтымақтастығы мен үйлесімді жұмысы қажет болады", - деді Тұрақты даму жөніндегі халықаралық комиссияның ғылыми-ақпараттық орталығы Тәжікстандағы филиал директоры Абдуалимов Каримджон.

Қазақстан ОДМК-ға 2022-2024 жылдары төрағалық етті.

Айта кету керек, Астанада Орталық Азия елдерін орнықты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу