Дүйсенбі күні Тегеранның оңтүстік-батысында орналасқан Эсламшахр қаласына әуе шабуылы жасалды. Салдарынан елді мекендегі тұрғын үй қирады. IRNA агенттігінің мәліметінше, кемінде 19 адам қаза тапты, олардың ішінде алты бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Израиль де, АҚШ та шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. АҚШ президенті Дональд Трамптың қойған ультиматумынан кейін соққы жасалған. Кейін Израиль Иран аумағына соққы жасалғанын растады. Шабуылдан кейін Тегеранның кейбір аудандарында газбен жабдықтауда іркілістер туындады.
Ал Израильде ирандық баллистикалық зымыран Хайфа қаласындағы тұрғын үйге түсті, ғимараттың бір бөлігі қирады. Хайфа стратегиялық маңызына байланысты Иранның нысанасына айналып отыр. Бұл шаһар көрші Ливан аумағынан әрекет ететін Хезболлах радикалды тобының зымырандары жететін аймақта орналасқан. Хайфадағы іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде ықтимал соққы жасалуы мүмкін деген қауіппен дабыл жарияланды, бірақ кейін ол тоқтатылды.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп Ирандағы электр станциялары мен көпірлерге қайтадан соққы жасалатынын айтты.