Кеше кейінгі 4 айдан бергі алғашқы рейс орындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты "24.KZ" телеарнасына сілтеме жасап.
Жүздеген жолаушы мінген ұшақ Тегераннан тікелей Дубайға келіп қонды. Дегенмен рейстер саны шектеулі. Аптасына тек 3 рет ұшады. Халықаралық азаматтық авиация бұдан артық рұқсат бермеген. Өйткені, өңірде ахуал толық тұрақталған жоқ.
Әмірліктер мен Ислам Республикасының өзара қарым-қатынасы жақсара қойды деуге де келмейді. Сол себепті шекарада жолаушылар құжатын тексеру, кедендік бақылау рәсімдері ұзаққа созылып жатыр.
Сарапшылардың айтуынша, шығанақтағы Араб елдері мен Иран басшылары жақын арада бетпе-бет кездесіп, түйткілдерді талқылайды. Бұл басқосу Эр-Риядта өтеді деген жоспарланып отыр.