Ал 18 миллионнан астам науқас осы аурудан көз жұмуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ғалымдар 2024 жылдан 2050 жылға дейін онкологиялық ауруларға шалдығу мен одан қайтыс болу жағдайларының біртіндеп өсуін болжап отыр.
Бұл қорытындыға ғалымдар "Аурулардың жаһандық ауыртпалығы" (Global Burden of Disease, GBD) бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеу нәтижесінде келді. Бағдарлама халық денсаулығына аурулар, жарақаттар және қауіп факторларының әсерін зерттейді. Халықаралық ғалымдар желісі онкологиялық аурулардың 2050 жылға дейінгі барысы мен салдарын талдады.
The Lancet журналында жарияланған зерттеу бойынша, 2023 жылы әлемде қатерлі ісікке шалдығудың 18,5 млн жағдайы тіркелген, 10,4 млн адам қатерлі ісіктен қайтыс болған.
2023 жылы ең көп таралған қатерлі ісік түрі – сүт безі обыры (2,3 млн диагноз). Одан кейін өкпе обыры мен тоқ ішек қатерлі ісігі тұр. Науқастардың көбі өкпе қатерлі ісігінен көз жұмады. Аурудың бұл түрінен 2 млн-нан астам адам көз жұмды. Келесі орында тоқ ішек және асқазан қатерлі ісіктері.
Ғалымдар қатерлі ісікке әкелетін 44 қауіп факторын анықтап, оларды үш санатқа бөлді:
- кәсіби және экологиялық факторлар (ауа ластануы, радиация, өндірістік тәуекелдер);
- метаболикалық факторлар (семіздік, жоғары холестерин, гипертония);
- мінез-құлық факторлары (темекі шегу, алкогольді пайдалану, дұрыс тамақтанбау).
Зерттеу көрсеткендей, ең үлкен қауіп мінез-құлық факторларымен байланысты. Оның ішінде негізгісі – темекі шегу. Темекі 16 түрлі қатерлі ісікті тудыруы мүмкін, алкоголь – 10 түрлі, ал дұрыс тамақтанбау – 6 түрлі қатерлі ісікке себеп болады.