Темір сейсенбіде наурыздан бергі рекордтық қарқынмен арзандай түсті

959

Темір сейсенбіде наурыздан бергі рекордтық қарқынмен арзандай түсті

Болат пен темір рудасы бағасы сейсенбі күні биылғы наурыздан бергі рекордтық деңгейге құлдырады.

Мәлім болғандай,  дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп  ҚХР-мен сауда соғысын одан әрі күшейтіп,  тағы сомасы 200 млрд АҚШ доллардың импортталатын қытай тауарларына 10 пайыз баж салығын салуға дайын екенін айтқан болатын.

Сейсенбіде Шанхайда болат арматураның фьючерстері 4,3 %-ға арзандап кетті, бұл 29 наурыздан бергі рекордтық құлдырау болды, деп хабарлайды Bloomberg. Сауда қорытындысы бойынша,  құлдырау 3,4 %-ды құрап, сауданың жабылу сәтінде баға тоннасына 3,769 мың юань ($585) болды.  Далянь биржасында темір кенінің бағасы 6,4 %-ға төмендеді (бұл 23 наурыздан бергі ең үлкен құлдырау), сауданың жабылар сәтінде құлдырау 5 %-ды құрады. Ыстықтай жаншылған илем сейсенбіде 3,1 %-ға арзандап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу