Теміртауда АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған тұрғын сотталды

325

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Теміртауда АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған тұрғын сотталды Фото: Ortalyq Qazaqstan

Теміртауда АИТВ инвекциясын қасақана жұқтырған тұрғын 6 жылға сотталды, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық соттың хабарлауынша, ер адам өзінің диагнозын әдейі жасырып, әйелдерге АИТВ инфекциясын жұқтырғаны үшін айыпталды. 

Сот ісінің материалдарына сәйкес, сотталушы өзінің кінәсін ішінара мойындаған.

Сот ер адамның асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сот үкімі бойынша ер адам 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйілерінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу