"Теңіз" кен орнындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

927

Аталған жұмыстар биылғы жылдың 1 тамызында басталған.

"Теңіз" кен орнындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

"Теңіз" кен орнын күрделі жөндеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Теңізшевройл" (ТШО) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"COVID-19 пандемиясының қиындықтарына қарамастан, компания кен орнындағы нысандарының бірінде күрделі жөндеуді аяқтады және өндірісті қауіпсіз түрде қайта бастады", – деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, күрделі жөндеу биылғы жылдың 1 тамызында басталған.

"Жұмыстардың көп бөлігі қышқыл газ айдау қондырғысы мен "Теңіз" кен орнындағы екінші буын қондырғысына жасалды",  – деп жазылған ақпаратта.

2021 жылдың сәуірінде компания 2021 жылдың соңында "Теңіз" кен орнында күрделі жөндеу жүргізетінін хабарлаған еді.

Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев кен орнында жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырылғанын мәлімдеген болатын. Ол жоспарлы күрделі жөндеу үшін кен орнындағы жұмыстарды 1,5 айға тоқтату керектігін атап өткен еді.

"Теңіз"  – Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірі, мұндағы мұнай қоры 3,2 млрд тонна. Атырау облысының аумағында орналасқан. Кен орнын "Теңізшевройл" компаниясы игеруде. Қазіргі уақытта ТШО өндіріс көлемін кеңейту жобасын және Теңіз кенішінде ұңғымалар сағасының қысымын басқару жобасын іске асыруда, жобаның жалпы құны 45,2 млрд доллар. Жұмыстарды 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу