Алматыда 1 мың жас баспаналы болады

505

Нұр-Сұлтанда "Елорда жастары" бағдарламасын жүзеге асыру талқыланып жатыр. Оған отбасын құрмаған жастар да қатыса алады.

Алматыда 1 мың жас баспаналы болады

Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы аясында 1 мың жас баспаналы болады. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол осы жылы да Алматы қаласының әкімдігімен бірге "Алматы жастары" бағдарламасы жұмыс істейтінін атап өтті. 

"Биыл бағдарламаға 18 млрд теңге бөлінді. Қаржыны қалалық мәслихат бөледі. Жоспарға сәйкес, осы жылы 1 мың жас қоныс тойын тойлайды", - деді Ляззат Ибрагимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзін "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев толықтырды. Басшы жастарды баспанамен қамтамасыз ету өте маңызды екенін атап өтті.

"35 жасқа дейінгі жастарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы Алматыда басталған еді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен "Елорда жастары" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқылап жатырмыз. Оның пайыздық мөлшерлемесі – 5%, алғашқы жарна – 10%, несиенің мерзімі – 25 жыл. Бұл бағдарламаға отбасын құрмаған жастар да қатыса алады", - деді директор.

Жансұлтан Матаевтың айтуынша, бұл бағдарлама бойынша денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ және әлеуметтік салада жұмыс істейтін жастар баспаналы болады алады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұрғаны хабарланған еді. 

Дәурен Ерболат

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться