Tesla кейбір елдерде автомобиль бағасын төмендетті

513

Мұны автоөндірушінің веб-сайтындағы деректер дәлелдейді.   

Tesla кейбір елдерде автомобиль бағасын төмендетті Фото: google

Tesla АҚШ пен Германиядағы ең көп сатылатын көліктерінің бағасын төмендетті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Осылайша, компания 4-ші тоқсандағы сатылымы Уолл-стрит күткеннен төмен болғаннан кейін жеңілдіктердің жаңа стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырды.

Бейсенбіге қараған түні компания АҚШ-тағы Model 3 пен Model Y электромобильдерінің бағасы 6%-дан 20%-ға дейін төмендегенін жариялады, деп хабарлайды Reuters.

Бұл жеңілдіктер қаңтардың басында күшіне енген көптеген электромобильдер үшін 7500 долларлық федералды салық несиесін есепке алмайды.

Германияда бүкіл әлем бойынша ең көп сатылатын Tesla Model 3 седаны мен Model Y кроссоверінің бағасын конфигурациясына байланысты шамамен 1% -17% - ға төмендетті.

АҚШ-тағы сатып алушы үшін осы айда жұмыс істей бастаған үкіметтік субсидияны ескере отырып, ауқымы ұлғайған Y моделінің жаңа бағасы бұрынғы бағадан 31%-ға төмен болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу