Tesla-ның 158 мың көлігінен ақау шығып, кері қайтарылатын болды

863

158 мың "Тесладан" ақау анықталды. Енді бұл көліктер өндіріске, кері қайтарылады. АҚШ-тың Көлік министрлігі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Atameken Business.

Tesla-ның 158 мың көлігінен ақау шығып, кері қайтарылатын болды

Мәселе Model S және Model X деп аталатын электромобильдерге қатысты. Басқару блогындағы дисплей іске жарамсыз болып қалған.

Негізі мұндай шешім өте сирек қабылданады. Соңғы кезде "Тесланың" акциялары шарықтап, оның негізін қалаған Илон Масктың тасы өрге домалаған еді. Ол тіпті әлемдегі ең бай азаматтар тізімінде көш бастады. Осы жаңалықтан соң, Tesla-ның құнды қағаздары 1,3 пайызға арзандады. Қазір біреуі 854 долларға саудаланып жатыр. Компанияның нарықтағы капитализациясы – 809 млрд доллардан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу