Тesla Шанхайдағы зауыттан Model 3 тасымалдай бастады

491

Енді компания электр қуатымен жүретін көліктердің жаңа буыны Model Y өндірісін жолға қоймақ. 

Тesla Шанхайдағы зауыттан Model 3 тасымалдай бастады

Америкалық Tesla Inc.  компаниясы Шанхайдағы Gigafactory 3 зауытында шығарылған Model 3 электромобильдерін жаппай тасымалдай бастады, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. 

Бұл өз кезегінде экологиялық таза көліктерді шығаруға ден қойған компаниялар арасындағы бәсекелестікті арттыра бастады. Зауыттан шыққан алғашқы 15 көлік Америкаға 30 желтоқсанда жеткізілді. Енді Tesla басшысы Илон Маск Қытайдағы зауытта Model Y көліктері өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

Ал Financial Times сарапшылары Gigafactory 3 зауыты толықтай шетелдік компанияғы тиесілі Қытайдағы жалғыз кәсіпорын екенін айтуда. Бұл аталған елдің электромобильдер нарығындағы жағдайды өзгертуі мүмкін. Себебі Қытай көлік өндірісі қауымдастығының мәліметінше 2019 жылы бұл елде баламалы энергия көздеріне негізделген көліктерге деген сұраныс төмендеп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу