Қасым-Жомарт Тоқаев "Адал азамат" ұғымының мәнін айтты

486

"Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар.  

Қасым-Жомарт Тоқаев "Адал азамат" ұғымының мәнін айтты  Фото: akorda.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әрине, мұның бәрі қатып қалған қағида емес. Алайда, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы негізгі бағыт-бағдар бола алады. Еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Мен ұсынған "Адал азамат" ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр. Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сөзінше, адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам.

"Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам "Адал азамат" деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады", - деді Тоқаев.

Айта кету керек, осыған дейін Президент жастарды адал еңбекпен табыс табуға шақырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу