Трамп күзде Ким Чен Ынмен кездесуді жоспарлап отыр

250

Әзірге бұл кездесуге қатысты нақты уағдаластық жоқ.  

Трамп күзде Ким Чен Ынмен кездесуді жоспарлап отыр Фото: dw.com

АҚШ президенті Дональд Трамп осы күзде КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуді жоспарлап отыр. Ол Пхеньянның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді қайта бастағысы келеді. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты DW-ге сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, кездесу қараша айында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында өтуі мүмкін. Сонымен қатар, The Wall Street Journal дереккөздері кездесуге қатысты ресми дайындық әлі басталмағанын айтады. Бұған дейін Трамп АҚШ-тың Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығуларын қысқартатынын айтқан еді. Ол Солтүстік Корея басшысына бейбіт келісім жасасуды ұсынды. 

Дональд Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде Ким Чен Ынмен үш рет жүздесті. Содан бері Солтүстік Кореяның ядролық әлеуеті айтарлықтай артқан.

2025 жылы Ақ үй басшысы Азияға сапары кезінде де Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізуге ниет білдірген. Америкалық шенеуніктер Пхеньянның кездесуге дайын екенін білдіргенімен, оны қысқа мерзімде ұйымдастыру мүмкін болмағанын айтады. 

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Ким Чен Ын үшін Оңтүстік Кореямен бірлескен жаттығуларды қысқартуды бұйырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу