Трамп Ресейге қарсы санкцияны күшейтетін құжатты қолдады

599

Ақ үй басшысы бұл құжатқа жүгінудің қажеті болмайды деп үміттеніп отыр.  

Трамп Ресейге қарсы санкцияны күшейтетін құжатты қолдады Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы Сенат әзірлеген заң жобасын қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.  

"Мен құжатты қолдаймын. Алайда оған жүгінудің қажеті болмайды деп үміттенемін", – деді Ақ үй басшысы Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін республикашыл сенатор Линдси Грэм X әлеуметтік желісіндегі жазбасында Трамптың Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасына қолдау білдіргенін хабарлады.

"Бүгін президент Трамппен бірқатар мәселелер бойынша нәтижелі кездесу өткіздік. Ол сенатор Блюменталь және тағы басқа адамдар бірнеше ай бойы әзірлеген екіжақты санкциялар туралы заң жобамызға қолдау көрсетті", – деді Грэм. 

Сенатор құжатқа дауыс беру келесі аптада өтеді деп сенім білдірді. Аталмыш заң жобасын Грэм пен оның әріптесі демократ Ричард Блюменталь 2025 жылдың сәуір айында ұсынған болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Сенат Дональд Трампқа Конгрестің рұқсатынсыз Венесуэлаға шабуыл жасауға тыйым салғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу