Трампқа АҚШ-тың Иллинойс штатындағы праймеризге қатысуға тыйым салынды

199

Иллинойста праймериз 19 наурызда өтеді. 

Трампқа АҚШ-тың Иллинойс штатындағы праймеризге қатысуға тыйым салынды Фото: BBC

АҚШ-тың Иллинойс соты бұрынғы президент Дональд Трампқа осы штаттағы праймеризге қатысуға тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Судья Трэйси Портер бұрынғы президенттің "бүлікке қатысы болғандықтан мемлекеттік қызметке отыру құқығынан айырылғанын" алға тартып, Трампты сайлау бюллетенінен алып тастау туралы шешім шығарды. Судья Трампқа шешімді апелляцияға беруіне уақыт беріп, оны орындау мерзімін бірнеше күнге шегерді. Иллинойста праймериз 19 наурызда өтеді.

Трамптың өкілі судьяны "саяси немқұрайлығы үшін" айыптап, оның шешімі өзге штаттардағы сот және сайлау комиссияларының шешіміне қайшы келетінін айтты. Ол шешімді апелляцияға беретінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу