Түнде Қырғызстанда жер сілкінісі болды

432

Жер дүмпулері бірден бірнеше аймақта сезілді. 

Түнде Қырғызстанда жер сілкінісі болды Фото: КазТАГ

Қырғызстанда бүгін, 22 маусымда сағат 02:48-де 3,5 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz Kabar.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан ҰҒА сейсмология институтының мәліметі бойынша, жер сілкінісі ошағы Ақ-құдық ауылынан солтүстік шығыс бағытта 13 шақырым, Сегізінші наурыз ауылынан солтүстікке қарай 16 шақырым, Нар қаласынан солтүстік батысқа қарай 50 шақырым жерде анықталды.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы Аққұдық, Лесхоз ауылдарында - 3.5 балл, Сегізінші наурыз, Шоро, Қадыралы, Жылан-арық, Тегерек, Ылайлы-Суу ауылдарында - 2.5 баллды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу