Туристер қонақ үйден 35 келі тамақ алып кетпек болған

542

Сабын мен сусабынды да құйып алмақ болған.

Туристер қонақ үйден 35 келі тамақ алып кетпек болған Фото: tourdom.ru

Антальядағы қонақ үйлердің бірінде демалушылар швед үстеліндегі тамақты сөмкелеріне салып, өздерімен бірге алып кетпек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz 24TV арнасына сілтеме жасап.

Алайда олардың қулығына қонақ үй қызметкері бөгет болған.

Демалушылар жол сөмкелеріне кепкен көкөніс, бірнеше келі алма, снектер, кәмпит, газдалған сусын, қант, шәй мен өзге де азық-түлікті толтырып алыпты. Ең қызығы кәдімгі сары майды да фольгаға орап алған. Онымен қоса, сабын мен су сабынды да қалдырмапты.

Интернетте қонақүй қызметкерлері демалушылардың сөмкесінен осы заттардың бәрін алып шығып жатқан видео тарап кетті.

Ал әйел адам жағдайды түсіндіруге тырысып жатқанын естуге болады. Оның сөзінше, алдымен бұл азық-түлікті олар қонақүй қызметкерлеріне тастап кетпек болған. Ал одан кейін жолда тіске басар бірдеме керек қой деп айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу