Түркі мемлекеттері ұйымының жоғарғы соттар одағы құрылады

357

Аталған шара бойынша жақында Шуша қаласында конференция өтпек.

Түркі мемлекеттері ұйымының жоғарғы соттар одағы құрылады Фото: Darakchi

Түркияның Жоғарғы апелляциялық сот төрағасы Мехмет Акаржа Түрік мемлекеттері ұйымының жоғарғы соттар одағының құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркі елдері арасындағы экономикалық, саяси, тарихи және мәдени байланыстан бөлек бұдан былай құқық саласында да ынтымақтастық орнамақ. 19 қазан күні Әзірбайжанның Шуша қаласында  Түркі мемлекеттері ұйымының жоғарғы соттар одағының құрылуына арналған конференция өтеді. Бұл шарада аталмыш одақтың құрылуы бойынша алғашқы декларацияға қол қойылады деп күтілуде.  Содан кейін тараптар осы одақтың жарғысын әзірлейді. Осылайша барлық түркі мемлекеттерінің жоғарғы соттары арасында бірлік орнамақ.

"Біздің мақсат өзара тәжірибе алмасу арқылы жүйелерімізді бір-бірімізге жақындату. Әрі біздің институттарымыз арасындағы байланысты ең жоғарғы деңгейге көтергіміз келеді", - деді Түркияның Жоғарғы апелляциялық сот төрағасы Мехмет Акаржа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу