Түркістан облысында субсидияға бөлінген 271 млн теңгені жымқырғандар сотталды

317

Бұрын сатылған ірі қара және ұсақ мал туралы мәліметтерді заңсыз пайдаланып, оларға субсидия рәсімделген.    

Түркістан облысында субсидияға бөлінген 271 млн теңгені жымқырғандар сотталды Фото: qostanai.media

Прокуратура ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтап, жолын кесті, деп жазды inbusiness.kz сайты.

2020-2023 жылдар аралығында жосықсыз кәсіпкерлер ветеринарлық бақылау жұмысындағы олқылықтарды пайдаланып, мемлекеттік субсидияларды заңсыз алып отырғаны анықталды.

Жекелеген шаруа қожалықтары іс жүзінде үшінші тұлғаларға сатылып кеткен мал туралы "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өз мақсаттарына пайдаланған.

Атап айтқанда, тек "Береке" ШҚ бұрын сатылған 440 бас ірі қара мал және 5088 бас ұсақ мал туралы мәліметтерді заңсыз пайдаланып, оларға субсидия рәсімдеген.

Анықталған деректер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 271 млн теңгені құрады, бұл аса ірі мөлшер болып саналады. 01.10.2025 ж. бес айыпталушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Кінәлілерге 5 жылдан 6 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу