Түркістанда 18 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген 3 полицей қызметінен кетті

268

Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. 

Түркістанда 18 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген 3 полицей қызметінен кетті Фото: polisia.kz

Желіде Түркістан облысындағы үш полиция қызметкерінің 18 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі осы оқиғаға байланысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл іске қатысы болуы мүмкін деген ақпарат толық көлемде тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу аясында түбегейлі құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар қызметтік тексеру барысында аталған қызметкерлер теріс себептермен, яғни қызмет беделіне нұқсан келтіргені үшін ішкі істер органдарынан шығарылды", – деп мәлімдеді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бүгінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

Айта кету керек, бүған дейін Түркістан облысында құқық қорғау органдарының үш қызметкеріне қатысты ауыр айып тағылып отырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу