Түркия мен Сирияға көмек көрсету жайы талқыланды

619

Жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияға көмек көрсету үшін 20 наурызда Брюссельде донорлық конференция өтеді.  

Түркия мен Сирияға көмек көрсету жайы талқыланды Фото: aa.com.tr

Маңызды басқосудың қарсаңында Еуропарламентте депутаттар, сарапшылар мен Түркия үкіметінің өкілдері бас қосты, деп жазады inbusiness.kz.

Анадолы шенеуніктері қарт құрлық елдерін Президент Ердоғанның бір жыл ішінде 10 қаланы жаппай қайта құру туралы бағдарламасын қолдауға шақырды. Еуропалық Одақ осыған дейін зілзаладан зардап шеккен қос елге 6,5 млн еуро жедел көмек жіберген. Көпшілік енді алдағы донорлық конференциядан зор үміт күтеді.

"Түркия - біздің көршіміз. Қазіргідей қиын кезеңде біз күш біріктіріп, зардап шеккендерге қолдан келген көмекті көрсетуіміз керек. Анкара халықаралық қауымдастықтан тиімді, нақты көмек сұрап отыр. Сондықтан, дүйсенбіде өтетін донорлық конференцияда әлем елдері аянып қалмайды деген сенімдеміз", - деді "Түркия - Еуропалық Одақ" достық тобының төрағасы Еуропалық Парламенттің депутаты Рышард Чарнецкий.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу