Түркияда 6 балдық жер сілкінісі болды

714

Жер асты дүмпу ошағы Ыстанбұл маңындағы Мәрмәр теңізі аймағында 10,6 шақырым тереңдікте орналасқан.    

Түркияда 6 балдық жер сілкінісі болды Фото: volcandidcovery.de

Сәрсенбі күні таңертең Түркияның Ыстанбұл маңындағы Мәрмәр теңізі аймағында 6,0 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 04:08-де тіркелді, деп хабарлайды Босфор университетінің сейсмологиялық обсерваториясы, деп жазады inbusiness.kz ТАСС сілтемесімен.

Жер сілкінісі Түркияның солтүстік-батысы мен орталығындағы көптеген аудандарда сезілді. Дюздже қаласының мэрі Фарук Озлы алдын-ала мәліметтер бойынша жер асты дүмпулерінен зардап шеккендер жоқ деп хабарлады.

Түркия ІІМ басшысы Сүлейман Сойлу да құрбандар тіркелмегенін мәлімдеді. Ыстанбұл басшылығы да министр сөзін растады.

Кейінірек Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожа Мәрмәр теңізі аймағында жер сілкінісі кезінде 20-дан астам адам зардап шеккенін хабарлады.

Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінен кейін бір сағат ішінде жер тағы да 20 рет сілкінген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу