Үйінді астында көз жұмған қызының қолын ұстап отырған әке әлемді жылатты

16720

Түркияда жер сілкінісінен үйінді астында қалған қыздың қолынан ұстаған әке бейнесі бүкіл әлемге таралып, миллиондаған адамның жүрегін жаралады.

Үйінді астында көз жұмған қызының қолын ұстап отырған әке әлемді жылатты

Мыңдаған адамның өмірін қиған зілзалаға дейін әкесі мен қызы бірге күлімсіреп суретке түскен, көп ұзамай тура сол жерде әкесі қызының мәйітінің жанында отырған күйде камера көзіне ілінген. 

Түркияда үйінділер астында қалған қыздың қолынан ұстаған әке бейнесі бүкіл әлемге таралып, миллиондаған адамның жүрегін жаралғаны сөзсіз.

Бірінші фотода Месут Хансер есімді Кахраманмарас тұрғыны мен оның қызы бейнеленген, ал екінші фотодан  Ирмаклейла Рак есімді қыздың бетон астында мерт болғанын көреміз. Қайғылы оқиға дүйсенбі орын алды.

Айта кетсек, соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 7 108 адамға жетті. Жарақат алғандар саны 41 мыңға жуықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу