Үкімет қаулысы: Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі таратылды

498

Ресейдегі Қазақтанның сауда өкілдігін тарату туралы Үкімет қаулысы шықты.  

Үкімет қаулысы: Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі таратылды Фото: newizv.ru

"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын", - деп жазылған қаулыда.

Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, қаңтардың басында Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін тарататыны хабарланған болатын.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл шешімнің себебін: "Артық құрылымдарды оңтайландыру жүріп жатыр. Еліміздің Ресеймен тығыз қарым-қатынаста екені туралы айтылғанда Еуразиялық экономикалық комиссияның болуын білдірген болатын. Онда барлық бағыттар бойынша өте сауатты адамдар жұмыс істейді, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет бойынша Мәскеуде бұл мәселені шеше алатын адамдар да бар", - деп түсіндірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу