Үкіметте биыл экономиканы 6%-ға жеткізу үшін жасалатын шаралар талқыланды

97

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин экономикалық штабтың отырысын өткізіп, онда Қазақстанның 2025 жылы 6%-дық экономикалық көрсеткішке қол жеткізу жолдарын талқылады.    

Үкіметте биыл экономиканы 6%-ға жеткізу үшін жасалатын шаралар талқыланды Фото: primeminister.kz

Үкімет осы жылы бірнеше саладан экономикалық өсім күтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өнеркәсіп саласы

Үкімет мәліметінше экономикалық өсудің негізгі қозағаушы күші өнеркәсіп саласы. Мәселен, 2024 жылғы қорытынды бойынша өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құраған. Ал осы 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында ЖІӨ 6,4%-ға жеткен. Яғни Үкімет осы жылы өнеркәсіп саласының үлесі айтарлықтай жоғары болады деп болжап отыр. Жиында машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібінің басқа сегменттерінің де өсу әлеуеті де қарастырылған.

Құрылыс саласы

Үкімет құрылыс саласы жақсы өсім береді деп күтуде. Мәселен, құрылыс саласының 5 айдағы қарқыны 15,4%-ды құраған. Ал, жұмыс көлемі – 2 трлн теңгеге жеткен.

Десе де, бұл салада артта қалып қойған өңірлер бар. Бұл – Ұлытау мен Атырау облыстары. Атырауда жопардың тек 43,2% орындалса, Ұлытауда 78,4%-ы орындалған. Атырау облысындағы жоспардың орындалмауына ТШО жобасындағы жұмыстардың тоқтап қалғаны себеп болған. Ал Ұлытауда тау-кен өндірісіне қатысты нысандар салу жұмысы баяулаған.

Тұрғын үй құрылысы

Үкімет биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй падалануға берілетінін хабарлады. 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.

"Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет", – деді Серік Жұманғарин.

Ұлттық статисика бюросының мәліметінше, ЖІӨ-нің осы жылдың 5 айдағы өсімі 6%-ды құраған. Үкімет осы көрсектішті жыл соңында дейін сақтап қалуды көздеп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу