Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені байыппен төмендету мүмкіндігін қарастырмақ

464

Жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты елдегі инфляцияның одан әрі баяулауына ықпал етеді.  

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені байыппен төмендету мүмкіндігін қарастырмақ Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Ғалымжан Пірматов Сенат отырысында айтты.

“Біздің жаңартылған болжамдарымыз бойынша, 2023 жылы жылдық инфляция 11-14% шегінде қалыптасып, 2024-2025 жылдары одан әрі баяулайды. Реттелетін қызметтерге тарифтердің ұлғаюына қарай және жанар-жағармайдың қымбаттауы баға деңгейіне тікелей және жанама әсер етуіне байланысты инфляция бойынша болжам өсу жағына қайта қаралды”, - деді ол.

Ұлттық Банк екінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені бірқалыпты және байыппен төмендету мүмкіндігін қарастырады. 

“Біздің шешіміміз бағалардың нақты өсуінің болжамды бағалауға сәйкес келуіне, жанар-жағармай және тұрғын-үй коммуналдық қызметтері бағасының өсуінен болатын жанама әсерін ескере отырып базалық инфляцияның тұрақты баяулауына, инфляциялық күтулер динамикасына, сондай-ақ 2024-2025 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік қағиданы сақтауға байланысты қабылданады”, - деп атап өтті Ұлттық Банк Төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу