Ұлттық Банк бірқатар коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

490

Оның ішінде Street art. BATYR BEINESI, FIFA WORLD CUP QATAR 2022, SALIÝT-1 коллекциялық монеталары бар. 

Ұлттық Банк бірқатар коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады Фото: Деловой Казахстан

Аталған коллекциялық монеталар 28 наурыздан бастап Ұлттық Банк интернет-дүкені арқылы сатылымға шығарылады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстанды монеталар арқылы зертте!" сериясынан Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы. Сынамасы 925/1000 күміс монетасы түрлі түсті баспа технологиясы қолдана отырып дайындалған. Массасы 31,1 грамм, мөлшері 30х45 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана", - делінген хабарламада.

"Спорт" монеталар сериясымен шыққан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған.

"925/1000 сынамасы бар күміс монеталардың массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 100 теңгелік, Қазақстанның ішкі нарығына арналған саны – 3 650 дана", - деп хабарлады ҰБ.

Ал, "Ғарыш" монеталар сериясымен шыққан SALIÝT-1 коллекциялық монеталары нейзильбер қоспасынан (МН 15-20) тұрады. Массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы – 100 000 дана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу