Ұлттық Банк жаңа сериялы банкноталарды мерзімсіз айырбастайды

295

Бұл стандартты түрде – 1 жыл, бірақ Ұлттық Банк бұл мерзімді ұзартуға құқылы. 

Ұлттық Банк жаңа сериялы банкноталарды мерзімсіз айырбастайды Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа "Сақ стилі" сериясының банкноталары бірнеше жыл ішінде біртіндеп айналымға шығатынын еске салады. Алайда, ескі және жаңа банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі белгіленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Айналымда параллель жүретін кезең аяқталған соң барлық банк пен Қазпошта ескі үлгідегі банкноталарды тағы 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайтын болады. Ал Ұлттық Банктің филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды мерзімсіз қабылдай береді!", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу